Mangystau Startup Acceleration-мен меморандум

Маңғыстау облысында алғаш ашылған MSA (Mangystau Startup Acceleration) IT стартап орталығының ресми ашылуы болып өтті.

Стартап орталықтың ашылу салтанатында Орталық басшысы Өмірбек Құрбанбаев орталықтың жұмысымен таныстырып өтті. Маңғыстау стартап акселерациясы өңір жастарының стартап идеясын жүзеге асыруға, инвесторлар іздеу бойынша қолдау көрсетуге бағытталған.  Орталық әр түрлі тренингтер, семинарлар, мастер-кластар өткізуге арналған заманауи коворкинг алаңымен, конференц-залмен,  жаңа технологиялармен жабдықталған кабинеттермен жасақталған.

Сонымен қатар аталған іс шараға Yessenov University ғылыми жұмыстар және интернационализация бойынша проректор Ермек Нұрмағанбет, Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Бауыржан Қайратов, Маңғыстау облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Гүлмира Мамаева  және т.б. ұйым өкілдері қатысып, аталған ұйымдармен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.