Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті, превенция басқармасының бас маманы Н.Т.Мұқатаймен кездесу өтті

13 қазан күні Yessenov University-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті, превенция басқармасының бас маманы Н.Т.Мұқатаймен кездесу өтті. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңы талқыланып, 2022-2026 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы туралы да сөз болды. Нұргүл Тұрлыбайқызы студенттерге жемқорлық фактілері болған жағдайда, еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке колл-орталықтың 1424 телефон нөмірі бойынша жүгініп, өзінің азаматтық борышын орындай алатындықтарын айта кетті. Шара соңында Нұргүл Тұрлыбайқызы жуырда болған «Халық заңгері» шарасына қатысып белсенділік танытқан «Саналы ұрпақ» клубының мүшелерін алғыс хатпен марапаттады.