Кайнау нүктесі-Тюмень (Ресей) алаңында Ресей, Қытай, Әзірбайжан, Қырғызстан, Болгария, Қазақстан стартап қозғалысына қатысушы университеттердің кездесуі өтті

     Кайнау нүктесі-Тюмень (Ресей) алаңында Ресей, Қытай, Әзірбайжан, Қырғызстан, Болгария, Қазақстан стартап қозғалысына қатысушы университеттердің кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты: қатысушылар арасында жаңа білім жасай алатын, жүйелі ойлай алатын инженерді дайындау барысында халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін ЖОО білім алушылардың зерттеушілік құзыреттерін, технологиялық және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігін арттыру болып табылады.

     Кездесу барысында студенттік стартап қозғалысының экожүйесін құру, кездесуге қатысушы жоғары оқу орындарының стартаперлер клубын ұйымдастыру, портал түрінде орыс және ағылшын тілдерінде коммуникациялық алаң құру, Қайнау нүктесі – Тюмень алаңы жыл сайын “Стартаптар шайқасын” өткізу, жоғары оқу орындарында CDIO (Conceive Design Implement Operate) бастамасын дамытуға әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, яғни өзара іс-қимыл мен дамудың өзекті мәселелері бойынша митаптар өткізу, креативті идеяларды талқылау үшін студенттік қарым-қатынас алаңын құру, даму техникалар, технологиялар, перспективалық трендтері бойынша пікірталастар, әлемдегі қоғамдар, студенттік стартап қозғалысын дамыту саласындағы акселерация бөлігінде жәрдемдесу туралы мәселелері талқыланды.

     Кездесу қорытындысы бойынша студенттік стартап қозғалысына қатысушы Университеттердің ынтымақтастығы туралы бірлескен халықаралық меморандум жасасу туралы шешім қабылданды.