Jastar Startup – 2021

«Jastar Startup – 2021» байқауына өтінім қабылдау басталды

Құрметті достар!

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы дәстүрлі түрде «Jastar Startup – 2021» байқауына өтінім қабылдай бастады.

Байқауға қатысуға келесі тақырыптардағы инновациялық жобалар қабылданады:

– жасыл энергетика (энергетика және энергияны үнемдеу);

– химиялық технология, нанотехнология және биотехнология;

– өнеркәсіптік және құрылыстық технология және өндіріс;

– агроинновация (өнеркәсіптік технология және өндіріс);

– IT және авиағарыш технологиясы;

– медицина, медициналық техника және технология, фармация;

– табиғатты тиімді пайдалану, ресурсты үнемдеу;

– робототехника;

– үздік лайфхак;

– 3D баспа және жаңа материалдар;

– гаджеттерге арналған мобильдік қосымшалар;

– экологиялық инновация;

– наноимпульс – нанотехнологиядағы инновация;

– білімдегі инновация және т.б.

Байқауға өтініш қабылдау www.mangystauzhastary.kz сайты арқылы 22 қазан және 11 қараша аралығында жүреді.

Жүлде қоры – 300.000 теңге 

Толық ақпарат: www.mangystauzhastary.kz сайтында 

Сұрақтар бойынша: 8(7292) 603343