Бүгін Есенов университетінде Каспий кәсіпкерлік орталығы ұйымдастырған Есенов университетінің білім беру грантына арналған “Jas kasipker -2023” республикалық стартап жобалар байқауының финалдық қорғанысы өтті.

 

“Бизнес және құқық”факультетінің деканы Айжан Омарова құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға болашақта өз жобаларын жүзеге асыруды, өз бизнесінде кәсіби болуды тіледі!

 

Мектептер мен колледждердің түлектері сегіз бизнес жобасын ұсынды. Жобалар білім беру, туризм және мобильді қосымшалардан бастап құтқарушы роботтарды әзірлеуге дейінгі әртүрлі салалар мен салалардан болды. Стартаптардың өнерлерін құзыретті қазылар алқасы-“Astana Hub” өңірлік өкілі Мажтай Әйгерім ;Жармұхамедов Дархан халықаралық интернет-клубтар желісінің жаттықтырушысы; Урисбаев Аббат “ForteBank” АҚ филиалының директоры; Құрбанбаев Өмірбек”Mediana Services Limited” ЖШС директоры, Естурлиева Айгүл “Экономика» кафедрасының меңгерушісі.

 

Конкурс қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздарға білім грантына сертификаттар берілді:

 

1 орын: Наурыз Шолпан (№2 мектеп Мунайлы ауданы) “Қой жүнін өңдеу” жобасы-100 % жеңілдік;

2 орын: Бисенбаева Гүлсінай (Ақтау қаласының педагогикалық колледжі)  “Логопедиялық кабинеті” жобасы-75% жеңілдік

2 орын: Нукер Анар (Мұнайлы ауданы № 2 мектеп) “Робот-құтқарушы” жобасы-75% жеңілдік 3 орын: Ещанова Меруерт (Қандығаш қаласының № 5 мектебі)”Uaiym “жобасы – 50% жеңілдік.

 3 орын: Жаңбекқызы Қарақызы (№1 мектеп-лицей Түпқараған ауданы мектеп-лицейі)” Қоқыста табысқа жету жолдары” жобасы-50 жеңілдік %

 

Барлық жеңімпаздарға университеттің сыйлықтар табысталды.