Yessenov Startup marathon – 2023

Каспий кәсіпкерлік орталығы мен “Бизнес және құқық” факультетінің “Экономика” кафедрасы жастардың кәсіпкерлік белсенділігін дамыту және оларды стартап жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға ынталандыру мақсатында “Yessenov Startup marathon – 2023” ұйымдастырды.

3 ай бойы 450-ден астам студент кәсіпкерлік және бизнес жүргізу негіздерін оқыды, кәсіпкерлермен танысты, бизнес ұйымында далалық нарықтық зерттеулер жүргізді. Марафонға 70 өтінім берілді, оның 17-сі финалға шығып, “Атриум” залында профессор-оқытушылар құрамы мен Сараптамалық қазылар алқасына көрме түрінде көрсетілді:

* Джалал Малокутифар – “Scale Compass” стартап-студиясының бас директоры.

* Дүсенбаева Чолпан Парахатовна – “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ Маңғыстау облысы бойынша несие бөлімінің бастығы.

* Мәжтай Әйгерім-Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің өңірлік өкілі.

* Айгүл Естұрлиева – “Экономика” кафедрасының меңгерушісі.

Стартап жобаларды бағалау және талдау бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын – “Темекіден ойыншықтар мен жастықтар” жобасы (Ғабит Нұрсұлтан, Сәбитова Гүлім, Есімов Бағдәулет, Тоқтамысова Лаззат, Түркпенбай Мүслім),”Инжиниринг” факультеті;

2 орын – “Этно Корсет” жобасы (Әміре Ақбота, Балабаева Алина), “Туризм және тілдер” факультеті;

3 орын – “ASHA” жобасы (Нұрғазиева Анель, Қалшабекова Шолпан, Озакбаева Асал Меделова Шұғыла), “Инжиниринг”факультеті.

Барлық қатысушыларға марафонға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар, ал жеңімпаздарға университеттің сыйлықтар табысталды.