Инклюзивті білім беруді қолдау:инновациялық тәсілдер мен тиімді тәжірибелер

2025 жылғы 8 қаңтарда «Инклюзивті білім беруді қолдау: инновациялық тәсілдер мен тиімді тәжірибелер» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары басталды. Инклюзивті білім беру принциптерін түсіну және оның маңыздылығы туралы тыңдаушыларға «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі А.Қ. Аманқосова айтып берді. Оқу курсына профессор-оқытушылар құрамының 50-ден астам өкілі қатысуда.

Бұл курс әрбір оқушыға тең мүмкіндіктер жасау қажеттілігін түсінуге арналған. Курс барысында инклюзивті оқытудың тиімді әдістері мен құралдарын әр мамандық өз деңгейіне қарай жасақтап, педагогтар мен мамандар оларды тәжірибеде жүзінде қолдануды үйренеді. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру саласындағы мамандар, педагогтар және ұйымдар арасында тәжірибе алмасуға тұрақты алаң құру жоспарланған. Бұдан бөлек, курс ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқу үлгерімін және әлеуметтік бейімделу деңгейін жақсартуға бағытталған.

Курс соңында әрбір тыңдаушыға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.