Hochschule Wismar өкілдерімен кездесу

18 қыркүйек күні Висмар технология, бизнес және дизайн қолданбалы ғылымдар университетінің – Hochschule Wismar (Германия) өкілдері: Prof. Dr. Gunnar Prause – ЕО жобалау орталығының директоры, теңіз экономикасының профессоры, зерттеуші Dr. Anatoli Beifert Yessenov University шаңырағында қонақ болды.

Сапар барысында Висмар университетінің делегациясы Yessenov University ПОҚ-мен кездесті.
Шетелдік серіктестер Висмар университетінің инфрақұрылымын, оқу мүмкіндіктерін және зерттеу қызметін таныстырды, Висмар/Варнемюнд теңіз зерттеулері факультеті жанындағы Теңіз модельдеу орталығын, Теңізді зерттеу, жүйелік инженерия және логистика факультетін таныстырды.

Одан кейін Prof. Dr. Gunnar Prause және Dr. Anatoli Beifert UXISHIP (ERASMUS+) жобасы аясында жобалық топпен үйлестіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында YU басшылығы Висмар қолданбалы ғылымдар университетімен өзара ынтымақтастықтың негізгі нүктелері мен үлгілерін талқылады, және білікті теңіз кадрларын даярлау, мамандармен алмасу және бірлескен тағылымдамалар саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.