Ахмед Реймов пен Атабек Тұрсынбековпен кездесу

15 қыркүйек күні Yessenov University-де Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің ректоры Ахмед Мәмбетқарымұлы Реймомовпен және Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Атабек Жолдасбекұлы Тұрсынбековпен кездесу өтті.
 
Білім ордасының болашаққа бағдарымен танысуға келген қонақтармыз университетіміздің жұмысымен танысты.
 
Ахмед Мәмбетқарымұлы «Инжиниринг» факультетінің студенттері алдында «Өзбекстандағы минералды тыңайтқыштар өндірісінің қазіргі жағдайы мен келешегі» атты дәріс оқыды.
 
Кездесу барысында университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен Қарақалпақ мемлекеттік университетінің ректоры А. М. Реймовқа «Yessenov University құрметті профессоры» академиялық атағы берілді.
 
Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындары арасындағы білім мен ғылымды дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін Бас Консул Шахмардан Есенов атындағы төс медалімен марапатталды.
 
Одан кейін «Серіктестік пен ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында білім алушылар мен ПОҚ-ның сыртқы академиялық ұтқырлығын іске асырумен қатар, екі ЖОО арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетті мүмкіндігі талқыланды.