GEOCLIC жобасының бастапқы кездесуі

17.03.2021 жылы Ш.Есенов атындағы КМТИУ командасы (жетекші С.Закенов) ЭРАСМУС+бағдарламасын іске асыру шеңберінде GEOCLIC “Жағалау экожүйелерін климаттың өзгеруіне бейімдеуге арналған геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар” жобасының бастапқы кездесуіне қатысты.

Жобаның мақсаты: нарық талаптары мен озық практикаға сәйкес келетін инновациялық үш деңгейлі оқу жоспарлары арқылы Қазақстанда, Әзірбайжанда және Түркменстанда бакалавриат /магистратура/ докторантура деңгейінде Каспийдегі мұнай кен орындарын игеру және пайдалану кезінде экологиялық тәуекелді бағалау, жағалаудағы экожүйелердің қоршаған ортасын мониторингтеу және қорғау саласындағы оқытуды жаңғырту және интернационалдандыру.