ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Share on social networks

11 қараша күні Yessenov University “Ауыл” ХДПП МОФ төрағасы, Ақтау қаласының Қоғамдық кеңестің мүшесі журналист Аллаберген Əзірбайжанұлы Қонарбаевтың студенттермен кездесу өткізілді. 

Бір сағатқа созылған кездесуде адалдық пен əділдік, рухани адамгершілік мəдени құндылықтар турасында əңгіме қозғалды.

Жиын соңында Аллаберген Қонарбаевқа студенттер өздерінің сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.