Новости

Category

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқықтану» және «Құрылыс» мамандықтарының студенттерінің арасында «Салт- дәстүр – асыл қазынамыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараның мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру. Студенттер тақырып аясындағы белсенді қатысып, салт- дәстүріміздің қазіргі мәдениеттегі мәні мен маңызын жан-жақты қарастырды.    
Read More
Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасында Жастар жылына орай «Қызым, саған айтам…» атты ұлттық-тәрбиелік кездесу өтті. Кездесуге ұлттық өнер шебері, көп балалы ана Гүлшат Кобегенова қатысып кафедрамыздың бойжеткен қыздарына халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, салт-жоралғысы туралы түсіндірді. Шараның мақсаты: қазіргі қазақ қызының тәрбиесі мен бойындағы ұлттық құндылықтарды ояту, оларды отбасылық өмірге тәрбиелеу жолдары мен...
Read More
Өскемен қаласында «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау» мамандығында оқитын студенттердің пәндік олимпиадасында Yessenov University 3-курс студенті Жұмағазы Дана II-орынды иеленді. Олимпиадада бес жоғарғы оқу орындарынан он бес студент қатысты.
Read More
«Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл-Фарабидің даналық негіздері» атты университетішілік апталық өткізілді. Апталықтың мақсаты – 2020 жылы туғанына 1150 жыл толғалы отырған дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын, тарихы мен тағылымын, маңызын өскелең ұрпаққа ашып көрсете отырып, жастарға Әл-Фараби мұраларының...
Read More
Геологтардың кәсіби мерекесіне байланысты шара өткізілді. «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» мамандығының студенттері Бегилдинов Сағат пен  Аманқос Абыз  Құрық селосында ағаш отырғызу шарасына белсене қатысты. Шара әр қарай Хан-Шахар салтанат сарайында жалғасын тапты,  ол жерде ардагерлер геологтарды құттықтап, олардың еңбек жолындағы қызықтары және қиыншылығы  қатар жүретін  геология мамандығы жайында сырласты. Сонымен қатар кәсіби...
Read More
«Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының аға оқытушыларының басшылығымен «Маңғыстаудың табиғи ескерткіштері» атты шара «Самал-Шерқала-Ақмыш» бағыттарымен өткізіліп, кафедра студенттері қатыстырылды. Шараның мақсаты – туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, оны аялауға тәрбиелеу. Осы шара аясында табиғи нысандар аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Read More
Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Республикалық студенттік пәндік олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Алдын-ала сырттай кезең қорытындысы бойынша Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 3-курс студенттері Мавлешова Айкен, Тұрған Ақнұр, Қошқарбаев Бауыржан, аға оқытушы Құралай Ракатовна Аманчаеваның ғылыми жетекшілігімен «Алау» командасына шақырту алды. Ақтық кезеңде...
Read More
YESSENOV UNIVERSITY Теңіз академиясында «Теңіз техникасы және технологиясы» мамандығы бойынша студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: 1) студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру; 2) студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін, олардың өзіндік санасын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі бекіту үшін жағдай жасау; 3) студенттердің азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; «Теңіз техникасы және технологиялары»...
Read More
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы іс-сапары барысында Yessenov University-не келді. Мемлекет басшысын университет ректоры Берік Ахметов қарсы алып, оқу орнының құрылымымен және стратегиялық даму жоспарымен таныстырды. Баяндамадан соң Президентке Теңіз академиясы көрсетілді. Академия директоры Болат Сарсенбаев Мемлекет басшысына Норвегиялық Kongsberg компаниясының кеме жүргізушілерді және кеме механиктерін оқытуға арналған жоғары технологиялық тренажерларымен таныстырды.
Read More
Атырау қаласында үшінші Халықаралық «Atyrau International Petroleum Olympiads» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстан және Ресейдің 8 жоғары оқу орнынан 40 студент қатысты. Олар арнайы тренажер-имитататорларда зертханалық жұмыстарды орындай отырып, әртүрлі күрделі теориялық тапсырмаларды орындады. Қатысушылардың білімін TCO, NCOC, Schlumberger және басқа ірі компаниялардың жетекші мамандары бағалады. Бұл олимпиадаға университетіміздің «Мұнай және газ» факультетінің, «Yessenov University SPE...
Read More
1 87 88 89 90 91 136