Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу

Yessenov University-де «Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту» басқармасының ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбында дін саласындағы мамандармен кездесу өткізілді.

Бұл кездесуге Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ММ, Қоғамдық даму орталығы КММ, Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау бөлімінен дінтанушы Газимов Нұрлан Қалдыбайұлы және исламтанушы Әбдірханов Өмірбек Мұхамбетұлы баяндамашы ретінде шақырылып, студенттерге діни экстремизмнің қауіп-қатерінен және интернет-желісінде радикалдық діни идеяны астарлы түрде насихаттайтын діни ағымдардың парақшаларынан сақ болуға шақырды.

Жастардың бойында ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында діни экстремизмнің алдын-алу профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселесі талқыланды.