13 қазан күні Yessenov University-ге профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі, алаштанушы ғалым, «Егемен Қазақстан» газетінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы қонаққа келді.
Дихан Қамзабекұлы Yessenov University кино залында студенттермен бірге аса көрнекті саяси қайраткер Жалау Мыңбаев туралы «Ардағы еді түркінің» атты деректі фильмді тамашалады.
Көрсетілімнен кейін оқытушылармен және студенттермен еркін форматта кездесу өтті. Қонақ ғылыми-көпшілік қауымды оның зерттеулері бойынша қызықтыратын тақырыптар бойынша әсерлі әңгіме өткізді, Еліміздің бас басылымында БАҚ қызметі мен саясаты туралы өз ойларымен бөлісті.
Студенттер сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.