Айдос Ербосынұлымен кездесу

16 қазан күні Yessenov University студенттері Қазақстандық танымал былғары қолғап шебері Айдос Ербосынұлымен кездесті.

ҚР Спорт шебері орта және екінші орта салмақта бокста өнер көрсетеді. WBA International, WBO Global, WBC Asian Continental және WBC Asian нұсқалары бойынша әлем чемпионы белбеулерінің иегері. Екінші орта салмақта Шыңғысханның Алтын белдігі иегері.

«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері спорт шеберіне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кездесу еркін форматта өтті.
Айдос Ербосынұлы өзіне өткір сұрақ қойған студентке және «Білім беру» факультетінің шахмат ойнаумен айналысатын ерекше студентіне ұялы телефондар тарту етті.

Кездесу соңында белгілі былғары қолғап шебері Айдос Ербосынұлы өзінің «Жағың сынса да, сағың сынбасын» аттын кітабының тұсауын кесіп, қолтаңбасын қойып, студенттерге таратты.