13.10.2021 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің командасы (жетекші С.Закенов) ЭРАСМУС+бағдарламасын іске асыру шеңберінде GEOCLIC “Жағалау экожүйелерін климаттық өзгеруін бейімдеуге арналған геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар” жобасының жұмыс пакеттерін орындау мәселелерін талқылауға байланысты онлайн өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.
Жобаны орындаушылар Қазақстан, Түркменстан, Әзірбайжан, Румыния, Литва, Германия және Нидерланды мемлекеттерінен 17 жоғары оқу орындары.
Дөңгелек үстел барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, нақты мақсаттар қойылды.
Кездесуді ұйымдастырушы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Жоба жетекшісі, профессор Ракишева Зәуре Баянқызы.