Новости

Category

Yessenov University-де Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында UNESCO тізіміне енген Иран Ислам Республикасынан келген Уәли Мұхаммед Қожамен кездесу өтті. Ол «Қорқыт Ата» кітабының үшінші нұсқасын тауып, ғылыми қауымның назарын аудартып, кең қолданысқа енгізуге қызмет етіп жүрген кітаптың шығу тарихын университет оқытушылары мен білім алушыларының назарына ұсынды. Сондай-ақ, кездесуге зиялы қауым өкілдері, Иран елінен қонақтар қатысты. Қорқыт...
Read More
Ақтау қаласы күні мерекесіне орай Yessenov Univeristy Жастар саясаты бөлімінің маманы Данияр Амангелдиев 1-курс студенттерімен бірге облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты. Экскурсия барысында студенттер Маңғыстау өңірінің тарихымен танысты. Олар үлкен қызығушылықпен музейдің сегіз залына барып, көптеген жаңа ақпарат алды. Әсіресе, Тарих залы мен Жаңа заман залы, сондай-ақ жуырда табылған ихтиозавр қаңқасы көпшілік назарын аударды.
Read More
Yessenov University-де «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекесі аясында “Инжиниринг” факультетінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің мұнайшы ардагерлермен кездесуі өтті. Кездесуге Маңғыстау өңірінің мұнай өнеркәсібінің өркендеуіне баға жетпес үлес қосқан “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ еңбек ардагерлері шақырылды. Кездесу барысында қонақтар студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісіп, мұнай өнеркәсібі қызметкерлеріне қажетті дағдылар мен құзыреттіліктерді атап өтті. Yessenov University студенттері еңбек ардагерлеріне өз...
Read More
Yessenov Univeristy студенттері мен ұжымы Маңғыстау боксшысы Бекзат Нұрдәулетовты бокстан Әлем чемпионы аталуымен шын жүректен құттықтайды! Оның Екатеринбургтегі триумфалды қойылымы көрермендер үшін жарқын және қызықты болды. Бекзатқа келесі Токиода өтетін Олимпиада ойындарында тек қана жеңіс тілейміз!
Read More
Биыл бүкіл Қазақстан бойынша «Бірге – таза Қазақстан» атты жаңа экологиялық акция басталды. Жоғарыда аталған акция аясында университеттің студенттері, қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы «Yessenov – жасыл кампус» акциясын жалғастырып, сенбілік өткізді. Әр факультеттің студенттері мен оқытушылары бірігіп, университет және жатақханалар аумағында тазалық жұмыстарын өткiздi. Біздің қаламыздың тазалығын, сұлулығын сақтауға және оның көрікті жерлерін қоқыстан тазартуға...
Read More
Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы мемлекеттік мекемесі қала күніне орай жастарды қоғамдық өмірге тарту, спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өңірдегі жоғары жəне арнайы техникалық оқу орындары білім алушылары арасында шағын футболдан жарыс өткізді. Жарысқа қатысқан 15 команда арасынан Yessenov University командасы оқ бойы озық шығып, жүлделі I орынды иемденді. Жеңімпаздарға жеңістеріңіз құтты болсын...
Read More
Қазақстан халқы тілдерін дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін және қоғамдағы орнын көтеру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарау және университетте оқитын өзге ұлт өкілдері студенттер арасындағы достық пен бірлікті нығайту мақсатында Yessenov University “Орыс филологиясы” кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» атты Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі өтті. Фестивальде әр ұлт өкілі ана тілдерінде өз өнерлерін көрсетті. Әр ел өз тілі...
Read More
18-қыркүйек күні Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінде Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығының қолдауымен «Парсы тілін үйрену және Иран мәдениетімен танысу» кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Бұл көршілес Иран Ислам Республикасының мәдениеті мен тарихын, тілі мен дәстүрін университеттің білім алушыларына таныстырып, насихаттаумен қатар Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытындағы алғашқы қадамдардың бірі...
Read More
Корей тілі курсының жаңа семестріне тіркелу қызу өтіп жатыр! Тіркеу кезеңі: 2019 ж. 9-23 қыркүйек аралығында Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 12:30-14:00). 8-сыныптан 100 жасқа дейін қабылдаймыз! Бағасы: 1 семестр (4 ай) – 20.000 тг Өзіңізбен бірге: фото 3*4 – 2 дана, жеке куәлік көшірмесі (күні. рожд туралы.) болу керек. Біз: Yessenov University,...
Read More
12-қыркүйек күнi «Бизнес жəне құқық» факультетінің «Халықаралық қатынастар жəне туризм» мамандығының 4 курс студенттері Құрық теңіз портына барды. Халықаралық қатынастар студенттері теңіз портының жұмысымен алғаш рет танысты. Болашақта біздің университет пен Құрық теңіз порты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда, соның негізінде ынтымақтастықты кеңейтіп, студенттердің өндірістік тəжірибесін ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Read More
1 77 78 79 80 81 138