24 қараша күні «С.З. Зиманов – ұлттық құқықтық жүйенің ғылыми мектебінің негізін қалаушы» тақырыбындағы апталықтың жабылу салтанаты өтті.

24 қараша күні Yessenov Unversity қазақ заң ғылымының негізін салушы, академик С. Зимановтың туғанына жүз жыл толуы қарсаңында оның мерей тойына арналған «С.З. Зиманов – ұлттық құқықтық жүйенің ғылыми мектебінің негізін қалаушы»   тақырыбындағы апталықтың жабылу салтанаты өтті.

Апталықтың мақсатына сәйкес академик С. Зимановтың өмір жолы мен ғылыми еңбектерін студенттер арасында кеңінен насихаттау, қоғамдағы құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз ету.

Апталықты қорытындылау барысында апта бойы өткізілген шаралар бойынша бейнетүсірілім көрсетілді және «Әділеттілік –мемлекеттің мызғымас тұғыры» атты брейн-ринг, «Қазақ билер соты – бірегей сот жүйесі» шығармалар сайысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.

Апталыққа қатысушылар академик С. Зимановтың өмірі мен қызметі туралы, оның отандық заң ғылымының қалыптасып, дамуына қосқан үлесі туралы толыққанды мәліметтер алды.