Бизнестегі көшбасшы әйелдер

2 қараша күні Yessenov University-де «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастырумен «Бизнестегі көшбасшы әйелдер» тақырыбында TED Talks форматындағы ашық диалог алаңына өңіріміздің нәзік жанды кәсіпкерлері қатысып, сөз сөйледі.

ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері С. Х. Салихова «Көшбасшы әйел қандай болу керек» тақырыбында,  Adamant ресурстық орталығының негізін қалаушы Ш. Тусипбекова «Қаржылық тәртіп»,  A.Q.Orda Ziatkerlik  мектебінің және Samruk Ziatkerlik  филиалдарының негізін қалаушы әрі құрылтайшысы А. А. Исмаилова «Арманға сен…», Aliya Tuman брендінің негізін қалаушы Ә. С. Кенжетаева «Бизнеске батыл қадам» тақырыптарында студенттердің және ПОҚ және қызметкерлердің алдында сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында сұрақ-жауап айдары өтіп, профессорлық оқытушылық құрам, студенттердің арасынан сұрақтар ұсынылды. Спикерлерге ең ұнамды сұрақ қойған адамдарға сыйлықтар ұсынылды