Білім менеджменті және бала психологиясы

15 сәуір күні Yessenov University ғимаратының “Атриум” залында «Білім менеджменті және бала психологиясы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. 

Негізгі спикер Нұр-Сұлтан қаласы №90 гимназия директоры, PhD докторы, шебер педагог, республикалық «Qaz Bilim» орталығының негізін қалаушы Аятжан Ахметжанұлы болды. Дөңгелек үстел жұмысына университет пен білім басқармасының өкілдері, орта мектеп басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. 

Шара аясында Аятжан Ахметжанұлы мен Yessenov University басшылығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 

Сонымен қатар түстен кейін «Yessenov University» білім беру мектебінің ұйымдастыруымен «Дарынды бала және пәндік олимпиада» және «Білім сапасы және білім менеджменті» тренинг өтті. 

Оған «Zoom» платформасы арқылы білім беру ұйымдары қатысты.