Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі заманауи үрдістер

2021 жылдың 16 сәуір күні  «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі заманауи  үрдістер» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен ZOOM платформасында онлайн-дәріс өтті.

Онлайн-дәріске Ақтау қаласы Полиция Басқармасы тергеу бөлімінің бастығы, полиция майоры Молдабаев Мақсат Тыныштықұлы қатысып, қазіргі таңда құқық қорғау органдарындағы жемқорлықпен күрестегі заманауи  үрдістер туралы ақпарат берді. Дәріс соңында білім алушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, оған жауаптарын алды.