19 наурыз күні Yessenov University студент жастарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты – белсенді жастардың азаматтық пікірін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыра отырып, мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру.
Кездесу барысында Департамент басшысының орынбасары Қайрат Байгебаев «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2018 жылға арналған Кешенді жоспардың» «Жастар» жобасымен, оның мақсаттарымен кеңінен таныстырып, толық мағлұмат берді.
Сонымен қатар кездесу барысында Сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды жалпыға бірдей қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Под небом правды» атты деректі фильмнің таныстырылымы өтті.