«Бірлесе кадрларды дайындау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті

«Көлік және құрылыс» факультеті «Бірлесе кадрларды дайындаудың тиімділігін арттыру және білім беру бағдарламаларын жетілдіру жолдары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуге «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Generative Investment» ЖШС, «Нұрмақ» ЖШС, «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС, «Арғынтранссервис» ЖШС, «Мұнай құрылыс компаниясы» ЖШС, «Smart-EX»  ЖШС филиалы, «Қазпочта» АҚ Маңғыстау филиалы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Маңғыстау филиалы және «Маңғыстау электртораптық желілерін бөлу компаниясы» АҚ өкілдері шақырылды.

Еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыру және оқу үдерісінің сапасын жақсарту үшін жоспарлар:

– өндіріс мамандарының 10% -на дейін студенттерге арналған дәрістер оқуға шақыру;

– кафедра филиалдарын құру;

– мұғалімдердің өндіріс орнында тәжірибеден өту;

– өндіріс мамандарының жетекшілігімен дипломдық жұмыстарды орындау.