Амал мерекесі құтты болсын!

Yessenov University Сіздерді ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Амал мерекесiмен құттықтайды!🌺

Бұл көктем мейрамы сізге және сіздің шаңырақтарыңызға денсаулық пен бақыт, татулық пен береке әкелсін! Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбектеріңіз тек қана қуаныш әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!