Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтымен ынтымақтастық туралы меморандум

9 желтоқсан күні Yessenov University Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, институт филиалының офисі біздің университетте ашылды.

Тараптар ғылыми-зерттеу және оқу материалдарымен алмасу, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және олардың нәтижелерін білім беру ұйымдарының қызметіне енгізу, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру туралы уағдаласты.