«Адалдық сағаты» тележобасының және Нияз Тобыш пен Жұмагүл Пилтанның “English grammar” кітабының таныстырылымы

28 ақпан күні Yessenov University-де Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Yessenov University біріккен жобасы аясында дайындалған «Адалдық сағатының» кезекті кейіпкері – жас ұрпақ үлгі тұтар ұлағатты ұстаз, парасатты тұлға Тобыш Нияз Қартбайұлы туралы бейнебаянның, зиялы отбасы, ерлі-зайыпты педагогтар, аудармашы, тілші ғалымдар Нияз Тобыш пен Жұмагүл Пилтанның ортақ авторлығымен шыққан «English Grammar» («Ағылшын тілінің грамматикасы») атты зерттеу еңбегінің таныстырылымы өтті.