Абайдың 175 жылдығына арналған жас ақындардың республикалық «Мүшайра» конкурсын

Абайдың 175 жылдығына арналған жас ақындардың республикалық «Мүшайра» конкурсын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу əлеуметтік жобасы аясындағы «Əдеби жазу дағдыларын дамыту» атты онлайн мастер-класс Zoom қосымшасы арқылы өтті.

Мастер-классты жүргізуші ақын, жазушы, сəулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Маңғыстау жəне Атырау облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Сəулетшілер Одағының жəне Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Назарбек Сайын Назарбекұлы өзінің басынан өткен қиындығы мен қуанышын айта отырып, тындап отқан студенттер мен жас ақындарды жігерлендіре түсірді.
Мастер-класс барысында жұмыс жоспарымен таныстырылып, əр қатысушының сабақ аяқталғаннан кейін алаған шеберлігін сипаттады.