15 қыркүйек күні YU ұжымының кеңейтілген жиналысы өтті.

15 қыркүйек күні YU ұжымының кеңейтілген жиналысы өтті. Жиналыста YU-ның 2020-2030 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын талқылау негізгі мәселе болып табылды.
Университет ректоры өзінің кіріспе сөзінде жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жақын болашақта ұжым жұмыс істеуі керек екенін, университетте, өңірде болып жатқан проблемалар туралы айтты.

Берік Бақытжанұлы университет өз стратегиясында Маңғыстау өңірінің тиімді және тұрақты дамуы үшін адами капиталды дамыту және зерттеулерді алға жылжыту мақсатын қойып отырғанын атап өтті.
Ұжымға Стратегияның негізгі ережелері, академиялық және ғылыми-зерттеу дамуының жаңа модельдерінің параметрлері, ЖОО-ның перспективалық дамуына, оның инфрақұрылымына, мақсатты IT-архитектурасын құруға инвестицияларды болжайтын факультеттерді мектептерге трансформациялаудың ерекшеліктері таныстырылды.
Проректорлардың, факультет декандарының баяндамалары мемлекеттік тілді дамыту, университеттің корпоративтік мәдениеті, факультеттерді мектептерге трансформациялау бағдарламасын іске асыру ерекшеліктері, Білім алушыларды, ПОҚ, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, урбанистика, АӨК және экология проблемалары, өңір тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты мазмұнды мәселелермен қызу және мүдделі пікірталас тудырды.