Yessenov University Сіздерді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы және ұлттық руханият мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Өтетін уақыты: 24 сәуір 2020 жыл
Өтетін орны: Ақтау қ., 32 шағын аудан, Yessenov University
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Негізгі мақсаты: Абай мұраларының жаһандық өркениет кеңістігіндегі орны мен оның адамзаттың рухани дамуына өзіндік ықпалын қазіргі ғылыми парадигмада зерделеу.
Конференция бағдарламасы:
0900 –0930 – Конференция қатысушыларын тіркеу
1000 –1230 – Конференцияның ашылуы. Пленарлық отырысы
1400 – 1530 – Секция отырысы
1530 – 1600 – Қорытындылау. Конференцияның жабылуы.
Түскен материалдар конференцияға дейін жинақ болып басылады. Конференцияның жинағына баяндаманы енгізу үшін баяндама мәтіні, тіркеу жарнасын төлеу туралы түбіртектердің көшірмелері (2000 теңге көлемінде) ұйымдастыру комитетіне электронды нұсқада тапсырылады. Электрондық нұсқада баяндамалар 2020 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады. Баяндама мәтіндерінің электрондық нұсқасы төмендегі секция жетекшілерінің электронды поштасына немесе 130000, ҚР Ақтау қаласы, 32 шағын аудан, Yessenov University, ГО 203 каб, ақпарат телефоны: +7 (7292) 42-57-42, 8 (7292) 42-57-95. Конференция жұмысы туралы ақпарат: Ғылым және кәсіпкерлік бөлімі, 12-04 каб. Ақпарат телефондары: +7(7292) 42-02-29, +7(7292) 42-57-80.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (секция бойынша) келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:
№ | Секцияның аты | Жауапты адам | Байланыс телефоны | |
1 | Абай және әдебиеттанудың өзекті мәселелері | профессор, ф.ғ.к.Қабылов Әділет Дыбысұлы | adilet.kabylov@yu.edu.kz | 87011702045 |
2 | Абайдың тілдік тұлғасы | профессор, ф.ғ.д.Нұрдәулетова Бибайша Ильясовна | bibaisha.nurdauletova@yu.edu.kz | 87014190719 |
3 | Абай және педагогика мен психологияның өзекті мәселелері | профессор, п.ғ.к.Егенисова Алмажай Кулжановна | almazhai.yegenissova@yu.edu.kz | 87021237780 |
4 | Қазақ халқының рухани дамуындағы Абайдың рөлі | Қамиева Гүлфарида Бағытжанқызы аға оқытушы | gulfarida.kamiyeva@yu.edu.kz | 87017700326 |
5 | Абай шығармаларының философиялық, әлеуметтік-саяси аспектілері | Табылдиева Орынгүл Дүйсенбаевна | oryngul.tabyldiyeva@yu.edu.kz | 87014961051 |
ЖАРИЯЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Баяндамалар электронды нұсқада бір файл түрінде doc немесе rtf қабылданады. Тезис файлы бірінші автор тегімен жазылуы керек (мысалы: IGCE.doc; Ivanov.doc).
Жариялау материалдары: ӘОЖ, аңдатпа, түйінді сөздер, Word 6.0 бағдарламасында терілген – А4, шрифт Times New Roman Cyr, 12, шеттері 1,5 болуы қажет, баяндамалар 8 беттен аспауы керек.
Аңдатпа мақала жазылатын тілде, бас жағында болады (40-50 сөз). Аңдатпа ғылыми жұмыс жайлы қысқа мазмұн.
Түйінді сөздер мақаланың мазмұнын толығымен жариялауды қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір нақты материал үшін маңыздылығы жағынан 5 кілт сөзді көрсетіңіз.
Баяндама тақырыбы: бас әріптермен, ортасында; баяндамашы: толық аты-жөні, тегі, ұйымның толық аты-жөні.
Иллюстрациялар: Мәтінге сызбалар, суреттер және кестелер енгізілуі. Сызбалар, суреттерден кейін түсіндірме жазбалар жазылады, шрифт көлемі 12 pt, ортасында, сызбалар нөмірленеді. Сызбалар Word бағдарламасында өңделеді. Сызба атауы сызба басында жазылады және нөмерленеді.
Формулалар: Microsoft Equation бағдарламасында өңделеді.
Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме тік жақшалармен жазылады [1, 2].
Пайдаланылған әдебиеттер баяндаманың соңында жазыларды: «ӘДЕБИЕТТЕР». Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне автордың аты-жөні, баяндама атауы, жылы, барлық парақтар беті жазылады.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАРНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ
Конференцияға қатысушылар мақалаларын жинақта жариялау және жеке электронды басылым алу үшін 2000 тенге төлем жасауы қажет. Ұйымдастыру жарнасын төлеу келесі реквизиттер бойынша қабылданады:
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Ақтау қ., 32 шағын ауданы
БИН: 930 640 00 0 430
ИИК: KZ11826R0KZTD2002941
БИК: ALMNKZKA
КБе: 16
МФ АО «АТФ банк»
Конференцияға қатысуға байланысты барлық шығындарды қатысушылар төлейді!
БАЯНДАМАЛАР 2020 ЖЫЛДЫҢ 25 наурызына ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Ұйымдастыру комитеті