Yessenov University-ге Америка Құрама Штаттарының Елшілігі мәдениет және білім жөніндегі Атташенің орынбасары Ланс Эриксон, Фулбрайт бағдарламасының үйлестірушісі Асият Сүлейменова, гранттар мен бюджет бойынша ассистенті Серік Досалиев арнайы іс-сапармен келді. Іс-сапардың басты мақстаы университетімізде 2019-2020 жылдарға арналған English Teaching Assistant бағдарламасын орналастыру туралы шешім қабылдаудың басты мақсаты болып табылады. АҚШ Елшілігінің өкілдерімен әңгіме барысында америкалық және қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы мәдени және халықаралық қатынастарды дамыту, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, түрлі алмасу бағдарламаларына қатысу сияқты бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі, сондай-ақ американдық студенттер үшін жазғы мектепті ұйымдастыру мүмкіндігі сияқты мәселелер талқыланды.