Каспий өңірі: жаңа талаптар мен мүмкіндіктер

Share on social networks

Yessenov University «Халықаралық қатынастар және туризм» мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедраларының ұйымдастыруымен «Каспий өңірі: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталмыш шараның негізгі мақсаты – Каспий маңы мемлекеттерінің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ынтымақтастық саласындағы өзекті мәселелерін ашық талқылап, конструктивті шешімдер қабылдау.
Конференция жұмысына Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Корхан Кюнгерю, Ресей Федерациясының Астрахань қаласының мемлекеттік техникалық университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары, Yessenov University-дің оқытушылары, студенттері мен магистранттар қатысты.
Конференцияның алғысөзін университеттің «Бизнес және құқық» факультетінің деканы Аманиязова Гүлімай Демегенқызы бастап, келесі тақырыптарда баяндамалар тыңдалды: 1. Trans-Caspian East-West Middle Corridor – Корхан Кюнгерю, Ақтау қ. Түркия Республикасының Бас консулы; 2. Ранжирование угроз экономической безопасности Астраханской области как важной части Каспийского региона – Тургаева О.А., Астрахань мемлекеттік университеті (РФ); 3. Образовательный туризм в контексте диалога прикаспийских государств – Омельченко А.Д., Астрахань мемлекеттік университеті (РФ); 4. Диалог культур в невербальных художественных текстах Восточного Прикаспия – Мамбетова А.И., Yessenov University.
Аталмыш ғылыми шара барысында қарастырылған мәселелер бойынша көптеген пайдалы ұсыныстар мен ұтымды пікірлер айтылды.