2021-2022 оқу жылынан бастап Yessenov University-де «Есенов университетінің қызметі контекстіндегі брендті дамыту индексі және кәсіби бақыт индексі» атты кешенді жыл сайынғы зерттеу жүргізілуде.
Айта кету керек, бұл индекстер жоғары оқу орындарында салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болып табылады және мұндай индекстерді енгізу Гарвард университеті (АҚШ), Кембридж университеті (Ұлыбритания), Амстердам университеті (Нидерланды), Мельбурн университеті (Австралия), Йель университеті (АҚШ) және т. б. әлемнің әртүрлі университеттерінде әртүрлі нысандарға ие.
Зерттеудің негізгі мақсаты – брендті тиімді дамыту және Есенов университетінің студенттері мен оқытушыларының кәсіби бақытының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін оңтайлы құралдар жинағын анықтау.
Зерттеудің негізгі ұғымдары Yessenov brand Development Index (брендтің даму деңгейін/күшін бағалауға мүмкіндік беретін индекс) – брендтің даму деңгейін/күшін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш; Yessenov Happiness Index (Yessenov бақыт индексі) – университеттің білім алушылардың, қызметкерлердің және ПОҚ-ның әл-ауқатын қамтамасыз ету деңгейін көрсететін біріктірілген көрсеткіш.
Зерттеуге жыл сайын Есенов университетінің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері, түлектері, студенттердің ата-аналары, ҮЕҰ-дан, бизнес-құрылымдардан және мемлекеттік органдардан YU серіктес ұйымдарының өкілдері, Маңғыстау облысы орта мектептерінің бітіруші сыныптарының білім алушылары және жергілікті халық өкілдері сияқты жеті нысаналы топтың үш мыңға жуық респонденттері қатысады.
Зерттеу эмпирикалық ақпаратты жинаудың сапалық және сандық әдістерін қолдана отырып жүргізіледі. Деректерді өңдеу және талдау IBM SPSS Statistics статистикалық-математикалық пакетінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Алынған нәтижелер жоғары оқу орнының имиджі мен білім беру қызметінің сапасының өзгеру үрдісінің динамикасында ұсынуға; білім беру процесіне тікелей қатысушылардың бақыт индексінің даму деңгейі туралы мәліметтер алуға, сондай-ақ проблемаларды уақтылы анықтауға және жоғары оқу орнының білім беру саясатын түзету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Соңғы екі жылдағы бақыт деңгейін салыстырмалы талдау нәтижелері келесі индикаторлардың оң динамикасын көрсетеді: студенттер пікірі бойынша «Оқу аудиторияларының жарақтандырылуы» (73% және 80%), «Жатақханада тұру үшін қолайлы жағдайлар жасалуы» (69% және 75%) , ал оқытушылар көзқарасында – «Еңбекақы төлеу деңгейі» (65% және 75%), «Кәсіби қызметте жеке әлеуетті іске асыру мүмкіндігі» (72% және 78%) және т.б.
Бұл көрсеткіштерге бірінші өлшемнен кейін жүзеге асырылған кампус аумағында 500 орындық заманауи жайлы жатақхана салу және пайдалануға беру, аудиторияларды заманауи жабдықтармен және эргономикалық, жайлы оқу жиһаздарымен қосымша жарақтандыру, жалақыны арттыру, ғылыми жобалар мен халықаралық бағдарламаларды гранттық қаржыландыру конкурстарына жас ғалымдарды тарту және т.б. жүйелі жұмыстар ықпал етті.
Сондықтан, анықталған проблемалық мәселелерді шешуге оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдай отырып, орын алған теңгерімсіздіктерді жоюға, сөйтіп студенттер мен оқытушылардың өмір сүру сапасын жақсартуға болады екені рас.
Осылайша жинақталған кәсіби бақыт индексін өлшеу тәжірибесі университеттің позициялары мен рейтингін жақсарту үшін арнайы технологияларды әзірлеуге және басқа да жоғары оқу орындарда енгізуге мүмкіндік береді.