14 қараша күні Yessenov University-де студенттерге және оқытушыларға, облыстық перианталдық орталықтың Медико-генетикалық бөлім меңгерушісі, Маңғыстау облысының штаттан тыс бас маманы, дәрігер-генетик Нұргүл Саламатқызы Жүсіповамен «Жастарды отбасылық өмірге дайындау – өзекті мәселе» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Дәріс барысында Нұргүл Саламатқызы қатысушыларға қазіргі кездегі өзекті мәселелерге тоқталып, отбасылық өмірге дайындық барысында өзінің ақыл-кеңестерін айтып,студенттер тарапынан қызықты сұрақтар қойылып, қонағымыз еңбек жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, жақсы кеңестер берумен ұштасты.