ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау басталды

Есенов университеті 2021-2022 оқу жылының 1-ші семестріне арналған 2-3 курс білім алушылары арасында академиялық ұтқырлық аясында еуропалық серіктес университеттерде оқуға конкурс жариялайды. Стипендиялар саны: 12

 

Іс сапар шығындарын, тұру, сақтандыру және виза жасау жөнінде консулдық алымдарды қаржыландыруды ҚР БҒМ қамтамасыз етеді.

 

 

Қатысушыға қойылатын талаптар:

 

– GPA балы 3.0-тен жоғары болуы;

– Шетел тілін меңгеру деңгейі B2 төмен болмауы керек. 

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі қажетті құжаттарды ұсыну қажет:

 

 

1) Паспорттың көшірмесі;

2) ағымдағы үлгерім бойынша транскрипт;

3) шетел тілін білу деңгейін растайтын құжат (өтініш беруші келесі құжаттардың бірін ұсынады):

– шетел тілін білуі туралы халықаралық бағалау жүйелері арқылы алынған сертификат;

– шетелдік серіктес университеттің шетел тілін меңгерген студентті қабылдауға келісімі туралы хат;

– Есенов Университетінің Тіл орталығындағы тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);

4) Үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған студенттерге қатысты).

 

5) көпбалалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат (болған жағдайда);

6) білім алушының ата-анасының болмауы туралы растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға қатысты (болған жағдайда);

7) білім алушының мүгедектігін растайтын құжат (болған жағдайда);

8) 072/у бойынша Медициналық анықтама;

 

 

Қажетті құжаттардың толық топтамасы “ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық” тақырыбымен info@yu.edu.kz (көшірмесін yelkhan.malika@yu.edu.kz міндетті түрде) электрондық поштасына 2021 жылдың (қоса алғанда) 1-10 қыркүйекке дейін жіберілуі немесе университет сайтында https://yu.edu.kz/international-cooperation/ тіркелуі тиіс.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық Офиске мына телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 7292 788 788 (260).