Yessenov University-ге іс-сапармен депутат келді

19 тамыз күні Yessenov University-ге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ли Юрий Виссарионович Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен және этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен жұмыс сапарымен келді.

Кездесу барысында депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының қызметімен егжей-тегжейлі танысып, ҚХА кафедрасының, “Қоғамға қызмет ету” орталығының кабинеттеріне және ҚБ бірінші төрағасы Ж.Сейдалиевтің “Халықтық келісім” атаулы аудиториясына барды.