22 маусым күні Маңғыстау өлкесінің еңселі білім ордасы Yessenov University- де салтанатты түрде бітіруші студенттер мен магистранттарға диплом тапсыру рәсімі өтті.
Шараға Маңғыстау облысының әкімі, университет профессорлық-оқытушылық құрамы, бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары және құрметті қонақтар қатысқан болатын.
Жиын басында облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов сөз сөйлеп, түлектерді диплом алу салтанатымен құттықтады. Университетіміздің оқуда озат атанған, оқу орнын қызыл дипломмен бітірген 22 студентке облыс әкімі өз қолымен дипломдарды табыстады. Облыс әкімінен соң сөз тізгінін Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов алып, еңселі орданы бітіруші түлектерге жылы лебіз білдіріп, ақ жол тіледі.
Биыл Yessenov University-ді бакалавриат бағдарламасы бойынша 517, магистратура бағдарламасы бойынша 67, кешкі жəне сырты бөлімдерде 178 түлек тәмәмдады. Университеттің биылғы түлектерінің ішінде Президенттік стипендия иегерлері, оқу озаттары, халықаралық, республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары, әлемдік деңгейдегі спорт шеберлері бар.
Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты. Yessenov University әскери кафедрасы саппен ән айтып өтсе, түлектер көпшілікті өздері дайындаған вальспен тамсандырды. Шара соңы мерекелік от шашумен аяқталды.