Химия-биология

Жалпы білім берудің базалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау.
6В015088(4)- Химия-биология білім беру бағдарламасы Маңғыстау облысы мен Қазақстан Республикасында химия және биология саласындағы жоғары білікті, заманауи ақпараттық технологияларды, шет тілдерін жетік білетін, халықаралық, ұлттық және аймақтық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.

Дағдылар

• білім беру саласындағы білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін, жетістіктерін зерттеу;
• білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім беру саласында оқыту және тәрбиелеу;
• білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін және пәндік бағыттардың ерекшеліктерін көрсететін технологияларды қолдану;
• ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру ортасын қалыптастыру;
• қоғамдық және білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;
• өзін-өзі басқаруға және кәсіби қызмет мәселелерін шешуге мектеп ұжымын басқаруға қатысу;
• кәсіби қызмет барысында зерттеу әдістерін қолдану.

Басты қызметтер

• білім беру ұйымының директоры;
• білім беру ұйымының оқу бөлімінің меңгерушісі;
• орта мектепте, лицейде, гимназияда химия және биология мұғалімі;
• педагогикалық колледжде химия және биология пәндерінің мұғалімі (меншік түріне қарамастан);
• білім бөлімінің бастығы;
• оқу-тәрбие мекемелері мен білім беру ұйымдарындағы үйірме жетекшісі;
• педагогикалық зерттеу институттарында ғылыми қызметкер.