Биология

Ұлттық білім беру жүйесінің өзекті міндеттеріне сəйкес жалпы білім беру салаларында біліктілігі жоғары, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие болатын биологияны оқытудың жаңа әдістерін меңгерген биология мамандарын дайындау бүгінгі күннің басты талабы.
Жалпы білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына және қазіргі қоғамның қажеттіліктерін есепке алуға, қазіргі заманғы түлектерге қойылатын талаптарға сәйкес және жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзыреттердің қалыптасуына ықпал етеді.

Дағдылар

– болашақ биология пәні мұғалімдерін қоғамның әлеуметтік тапсырысына және білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету;
– жалпы білім беретін мектептерде болашақ биология пәні мұғалімдерін және биологияны оқыту әдістемесін дайындау;
– болашақ биология пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін қалыптастыру;
-әлеуметтік-мәдени, тілдік (коммуникативтік), жаратылыстану, оқыту технологияларының іргелі негіздері саласында кәсіби даярлау;
– рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту тәсілдерін меңгеру, психологиялық сауаттылықты, ойлау және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Басты қызметтер

-мемлекеттік жалпы мемлекеттік емес қаржыландыратын білім беру мекемелері,мектепке дейінгі білім беру ұйымдары,мектептер,лицейлер,гимназиялар,колледждер,жаратылыстану бағытындағы және кәсіби білім беретін оқу орындары;
-ғылым ұйымдары: жаратылыстану бағытындағы,биология,педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми,ғылыми-зерттеу орталықтары.
-басқару ұйымдары:басқарудың мемлекеттік органдары,білім беру департаменттері;
-өзінің жұмысында биологиялық әдістерді пайдаланатын жекеменшіктің әртүрлі формаларындағы ұйымдар.