2025-2027 жылдарға арналған «жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жарияланды

2025-2027 жылдарға арналған «жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жарияланды.

 Конкурстың мақсаты – жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, талантты жастарды ғылымға тарту мен орнықтыру, жас ғалымдардың үлесін арттыру.

2025-2027 жылдарға арналған қаржыландыру Жоғары ғылыми-техникалық комиссиямен бекітілді, жалпы сомасы – 9 млрд. теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2025 жылы – 3 млрд. теңге, 2026 жылы – 3 млрд. теңге, 2027 жылы – 3 млрд. теңге.

1 (бір) жобаны іске асыру мерзімі 36 айға дейін, қаржыландыру көлемі 30 млн.теңгеден аспайды, оның ішінде 2025 жылға – 10 млн. теңге, 2026 жылға – 10 млн. теңге, 2027 жылға – 10 млн. теңгеден аспайды.

ҚР ҒЖБМ Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

– Энергия, озық материалдар және көлік;

– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

– Елдің зияткерлік әлеуеті;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік ғылыми бағыттары бойынша 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға өтінім қабылданады.

Постдокторантқа қойылатын талаптар:

1)         Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;

2)         жасы  40 жастан аспаған (өтінім берген сәтте қоса алғанда);

3)         зерттеу бағыты бойынша ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда мақала және (немесе) шолуы болуы;

4)         философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі немесе ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) болуы  (шетелде алынған дипломдардың баламалылығын тану рәсімінен өту талап етілмейді) немесе докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген тұлға болуы (өтінім берген сәтте).

Постдокторанттың және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер ҒЖБМ Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz  сілтеме арқылы беріледі.

Өтінімдер 05.09.2024-04.10.2024 аралығында қабылданады.