2023-2024 оқу жылының күзгі семестріне Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне бакалавриат студенттері үшін шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша грантқа конкурс жарияланады.

2023-2024 оқу жылының күзгі семестріне Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне бакалавриат студенттері үшін шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша грантқа конкурс жарияланады.

 

Қабылдау талаптары:

  1. Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
  2. 2023-2024 оқу жылы кезінде 2-4 курс студенті болуы;
  3. GPA 2,67 немесе одан жоғары болуы;
  4. Кем дегенде B2 деңгейінде шет тілін меңгерген сертификатының болуы;
  5. Университет алдында академиялық немесе қаржылық қарыздарының болмауы;
  6. Гранттық негізде оқу.

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тізімін ұсыну қажет:

1) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;

2) ЖОО мөрі басылған қазақ/орыс және ағылшын тілінде үлгерімі бойынша транскрипт;

3) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат.

 

Қажетті құжаттардың толық топтамасы «РҚ академиялық ұтқырлық» тақырыбымен info@yu.edu.kz (көшірмесін alisher.baltabay@yu.edu.kz міндетті түрде) электрондық поштасына 2023 жылғы 26 мамырға (қоса алғанда) дейін жіберілуі тиіс. Немесе қағаз нұсқасында A1204 (12-қабат) кабинетіне тапсырырылуы қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық кеңсеге келесі телефон арқылы хабарласуға болады: +7 7292 788 788 (261).