9-маусым күні ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаев ағамыздың келіп жеткен 80 жас мерейтойы аясында, бүгін Yessenov University қабырғасында Өмірзақ Озғанбайұлы атындағы кабинет ашылды.
Еліміз Тәуелсіздік алған кезеңде Маңғыстау облысының білім департаментін басқарған, облыстың білім саласын дамытуға зор үлес қосқан Өмірзақ Озғанбайұлы бүгінде білім беру саласының құрметті қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы.
Шараға Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сармурзина Пәния Оңалбайқызы, Сайын Назарбекұлы, Өтеулиев Оразғали, Есберген Іңірбаев ағаларымыз және Өмірзақ Озғанбайұлы ағамыздың отбасы қатысты.