Туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту

22 маусым күні Yessenov University-де PICASP (Pilot courses in Practice Enterprise to implement the University-Enterprise Cooperation for the development of Caspian Area) халықаралық жобасы аясында жұмыс берушілермен “Туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту” атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжанова, Маңғыстау облыстық инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрәділ Иманғалиев, “Экспедиция 362” қоғамдық бірлестігінің директоры Ерлан Жұмаев, Еуропалық серіктес (Италия) Болон университетінің профессоры Massimo Bianchi, Халықаралық бизнес университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Анар Махметова және Есенов университетінің жобалық тобы қатысты.