Ұстаздар күні

9 қазан күні Yessenov Univeristy-де ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында Yessenov University Президенті Берік Бақытжанұлы Ахметов оқытушыларға білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін өз алғысын айтып, университеттің бірқатар профессор-оқытушылар құрамын ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің құрмет грамоталары, Есенов медалі және алғыс хаттармен марапаттады.

Университетіміздің өнерлі студенттері де ұстаздарға өз ықыластарын білдіріп, салтанатты шараны концерттік бағдарламаға жалғастырды.