Ұлы ақын Ж. Жабаевтың мұрасы негізінде адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу

30 қыркүйек күні Білім беру факультеті Жамбыл Жабаевтың 175жылдық мерейтойы аясында «Педагогика және психология» кафедрасының  оқытушылары Таджибаева Ж.А., Орынбасарқызы Ж.  студенттермен бірге ««Ұлы ақын Ж. Жабаевтың мұрасы  негізінде адамгершілікке  және отансүйгіштікке  тәрбиелеу» тақырыбында шара өткізді.

Сондай-ақ, «Жыр алыбы – Жамбыл баба» атты үздік эссе байқауын ұйымдастырды.

Байқауға Есенов университетінің 1-4 курс студенттері қатысты

Байқау нәтижесі бойынша қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтады:

І орын – Байрамова Гульсум Бахманкызы,  ПМНО -21-1

ІІ орын – Рейисов Заманбек,  МТТ-18-2

ІІІ орын – Джайкиева Амина Асылбековна , ИЯ-19-2

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Студенттер байқауға қатысуда белсенділік танытты және байқауға ризашылығын білдірді және әрі қарай да университеттің шығармашылық және ғылыми қызметіне қатысуға ниет білдірді.