Үндістанның Қазақстандағы Елшісімен кездесу

Yessenov University басшылығы Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Прабхат Кумар мырзамен кездесті. Кездесу барысында университет базасында Үнді орталығын ашу мүмкіндіктерін және ақпараттық технологиялар, медицина, инжинирия бағыттары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде тәжірибе алмасу, сонымен қатар ПОҚ және студенттерді академиялық ұткырлық шеңберінде білім алу мүмкіншіліктері туралы сөз қозғалды. Жас мамандар және оқытушылар үшін біліктілік арттыру мақсатында бірнеше бағыттардағы курстар ұсынды. Кездесу қорытындысында ынтымақтастық түйіндері анықталып, келешекте Yessenov University мен Үнді еліндегі жетекші жоғары оқу орындарымен мәдениет, білім және ғылым саласында тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілетініне мол сенім білдірді.