2019-жылдың ұраны – «Жүректен жүрекке!» 

Yessenov University ұжымы «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясына қатысып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарынан табылатын отбасылардан 9 баланы мектепке толықтай даярлады.
29-тамыз күні Yessenov Unversity ғимаратында университет басшылығы мен белсенді студенттер балаларға мектеп формасы, рюкзактар мен оқу үшін қажетті кеңсе тауарларының жиынтығын табыс етті.
Көмекке мұқтаж адамдарға барлығы көмектесе алады. Біз бірге олардың балалық шақтарын қуанышты етіп, жарқын әсерлермен толықтыра аламыз!