Yessenov University «Мұнай газ ісі» мамандығының 4-курс студенті Аманиязов Ермек Конрад Аденауэр қоры

Yessenov University «Мұнай газ ісі» мамандығының 4-курс студенті Аманиязов Ермек Конрад Аденауэр қоры ұйымдастырған Sur-Place бағдарламасы аясындағы республикалық конкурстың стипендиаты атанды. Аталған конкурсқа құжаттарды тапсырып, ақпан айында Ақтөбе қаласында осы қор өкілдігінің директоры Томас Хельммен сұхбатқа қатысып келген болатын.

Бұл қор бағдарламасының негізгі мақсаты жастардың оқуда өз қабілеттерін ашу ғана емес, өз білімін, күші мен бастамасын өз елінің саяси және әлеуметтік өміріне қатысуға арнауға ұмтылатын дарынды жастарға қолдау көрсету. Қордың басым бағыттары саясат және БАҚ, жергілікті өзін-өзі басқару, саяси білім болып, техникалық салаларға салыстырмалы түрде аз назар аударылатындықтан және тапсырыс берген 400 кандидат ішінен іріктелген 30 шақты студент арасынан табылған Ермектің бұл жетістігі «Инжиниринг»факультеті оқытушыларының мақтанышы.