25 Ақпан 2019

Ә.Тәжібаев: поэзия кеші

Yessenov University-де ақын Әбділда Тәжібевтың 110 жылдығына арналған поэзия кеші өтті. Шараны қазақ филологиясы кафедрасы мен «Тағылым» әдеби клубы ұйымдастырды. Кешке қатысушылар ақын Ә.Тәжібевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелер айтып, студенттер ақынның жүректеріне жақын өлеңдерін оқыды. Шара барысында «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Отарова Ә.Тәжібевтың шығармашылығына қатысты кітап көрмесімен таныстырды. Бұл әдемі кештің қайталанбас әсері кеш қонақтары мен қатысушыларының есінде ұзақ сақталары сөзсіз.