«Бизнес және құқық» факультетінің «Экономика» және «Қаржы» кафедраларының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарлама аясында «Каспий маңы мемлекеттерінің халықаралық ынтымақтастығының қаржы-экономикалық және құқықтық аспектілері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға Қазақстан Халық Ассамблеясы, Түркия, Иран, Әзірбайжан, Түркменстан елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ Маңғыстау облысының ірі кәсіпорындары қатысты.

Конференцияның басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын насихаттау, оның ішінде ұлтаралық келісімнің сақталуын, ұлттық бірлік пен әлеуметтік үйлесімділік негізі болып саналатын жоғары мәдениетті болашақ ұрпақты қалыптастыру болып табылады.