Тәуелсіздік дәуірі

«Бизнес және құқық» факультеті «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасында «Халықаралық қатынастар» тобының студенттерінің ұйымдастыруымен Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері мен еліміздің мемлекеттілігін нығайту және дамытудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атқарған теңдессіз ролі мен халықаралық саяси беделі жан-жақты қарастырылды.
Кездесудің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық позицияны қалыптастыру, қазақстандық патриотизмге, саналы түрде үйлесімді рухани-адамгершілік тұрғыда дамуға тәрбиелеу.